Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері визуалды зерттеулердің назарында: иконография, семиотика және дискурс 

 

Жобаның ғылыми жетекшісі - Шайгозова Жанерке Наурызбайқызы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Іске асыру мерзімі: 2024-2026 жж.

Visual studies әдістерінің негізінде Қазақстан өнерінің бейнелерін біртұтас құбылыс ретінде таныстыру. Дәуірден дәуірге өту кезеңінде визуализация тәжірибесін бақылау мен көру перспективасы ұсынылады. Иконографиялық, семиотикалық және дискурстық талдауға баса назар аударылады. Бұл визуалды мәдениеттің ежелгі қабаттарын айғақтауға және оны дамытудың ұлттық мәдени саясатының векторларын анықтауға мүмкіндік береді.

 

1) visual studies проблематикасындағы Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманғы өнері саласындағы тарихи-этнографиялық, философиялық және мәдени-өнертану материалдары мен дереккөздерін жинау, зерделеу және талдау. ҚРҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізімі бойынша отандық басылымдарда кемінде 1 мақала жариялау;

2) Моңғол Мемлекеттік өнер және мәдениет университетіне, Тува гуманитарлық зерттеулер институтына, Қарақалпақ гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтына, Әзірбайжан Ұлттық кілем мұражайына, түркі-моңғол мәдениетіндегі этноэстетика және эстетикалық онтология бойынша осы институттардың ғылыми зерттеу тәжірибесін зерттеу мақсатында ғылыми іссапарлар жүзеге асырылып, жиналған материалдарға аналиткалық талдаулар жүргізіле отырып ҚРҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізімі бойынша отандық басылымдарда кемінде 1 мақала жариялау;

3) Қазақстанның дәстүрлі өнерінің үлгілерін жинау бойынша далалық зерттеулер жүргізу (мұражай коллекцияларының артефактілері, үңгір суреттері, ғибадат ғимараттарындағы қабырға суреттері және т. б.) және оларды visual studies тәсілдерінің негізінде одан әрі талдау;

4) бейнелеу өнері, contemporary art, дизайн және визуализацияның басқа да алаңдарындағы тәжірибелерін Қазақстанның қазіргі заманғы визуалды бейнелерін зерделей және талдай отырып ҚРҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізімі бойынша отандық басылымдарда кемінде 1 мақала жариялау;

5) мәдени саясаттың құрамдас бөлігі ретінде визуализация тәжірибесі саласындағы Қазақстан стратегиясын дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу. Ұлттық идеологияға бағдар мен құрылымдарға негіздее отырып анализ жасалынады. ҚРҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізімі бойынша отандық басылымдарда кемінде 1 мақала жарияланады;

6) мәдени саясатты қалыптастыру саласындағы шетелдік институттардың өкілдерімен онлайн іс-шара форматында (дөңгелек үстел) мәдени саясаттың бір бөлігі ретінде визуализация практикасы саласындағы Қазақстан стратегиясының әзірленген бағыттарын талқылау;

7) Ұсынылған өнер туындысының аналитикалық сипаттамасы бар дәстүрлі және заманауи өнердің көрнекті үлгілерінің веб-галереясы әзірленді және жасалды. Web галерея «ҚазҒЗИ» ЖШС ресми сайтында орналастырылады;

8) ҚР Ұлттық зияткерлік меншік институтына авторлық құқықтарды тіркеу туралы куәлік ала отырып, " Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері визуалды зерттеулердің назарында: иконография, семиотика және дискурс" иллюстрацияланған ұжымдық монографиясын кемінде 15 б.т. көлемінде (мемлекеттік және ағылшын тілдерінде кеңейтілген аннотациялармен) жариялау;

9) отандық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу (кемінде 2). Жобаның жеке тіркеу нөмірін көрсете отырып, "Arts and Humanities" бағыты бойынша кемінде 35 процентильмен Scopus және Web of Seince базасының рейтингтік журналдарында мақалалар (кемінде 2) шығару.

ЖТН AP23488164 "Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнері визуалды зерттеулердің назарында: иконография, семиотика және дискурс" жобасының зерттеу тобының мүшелері

 

q1

Жобаның ғылыми жетекшісі

 

Шайгозова Жанерке Наурызбаевна - 13.00.02 - Бейнелеу өнерін оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Өнертану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры, Қазақстанның дәстүрлі мәдениеті мен өнері мәселелері бойынша 50-ден астам жарияланымы бар, оның ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдар тізімі, Scopus және Web of Science журналдарында мақалалары жарық көрген. Scopus бойынша Хирш индексі – 1, Web of Science бойынша – 2. ҚР Суретшілер одағының «Өнертану» секциясы бойынша мүшесі, ҚР Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің мүшесі.

 

 q2

 

Бас ғылыми қызметкер

 

Наурзбаева Альмира Бекетовна – философия ғылымдарының докторы, мәдениеттану доценті, Құрманғазы атындағы ҚНК әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры. Ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі – 45 жыл. 90 ғылыми жарияланымның авторы. Қазақ мәдениетінің рухани ғаламы философиясын зерттеу саласында маманданған.

 

 q3

Бас ғылыми қызметкер

 

Шкляева Светлана Аркадьевна – өнертану кандидаты, профессор, тәуелсіз зерттеуші. Сәндік-қолданбалы өнер, мұражай және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында 50 жылдық жалпы жұмыс өтілі бар.. Қазақстанның қолданбалы және бейнелеу өнері саласындағы 70-тен астам жарияланымның авторы болып табылады.

 

 

 q4

Жетекші ғылыми қызметкер

 

Байгутов Карим Алимханулы PhD докторы, Қазақстанның дәстүрлі және заманауи өнеріне маманданған. Scopus базасы журналдарын қоса алғанда, 25-тен астам ғылыми жарияланымның авторы болып табылады. ҚР суретшілер одағының мүшесі

 

 q5

Жетекші ғылыми қызметкер

 

Ибрагимов Аман Илесович - педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Өнертану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессоры (м.а.). Scopus базасындағы журналдарды қоса алғанда, 35-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.

 

 q6

Ғылыми қызметкер

 

Сураганов Сергали КабдрахмановичҚазақстанның сәулеті, дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнері бойынша маман. 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. РФ және Моңғолия қазақтарына қатысты бірнеше далалық зерттеулерге қатысқан.

 

 q7

Кіші ғылыми қызметкер

 

Шаленова Манара Мейрамовна – өнертану ғылымдарының магистрі, ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі 7 жыл. 3 ғылыми жарияланымның авторы.

 

 qq8

Кіші ғылыми қызметкер

 

Битореева Десмина Толеновна өнертану ғылымдарының магистрі, жобаларда жұмыс істеу тәжірибесі 5 жыл. 3 ғылыми жарияланымның авторы.