Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты «Қазақстан Республикасының мәдени саясат тұжырымдамасының басты қағидасы мен тетігін жүзеге асыру» атты тақырыпта Дөңгелек үстел аясында өтетін Қазақстан Республикасының мәдени Тұжырымдамасы жобасын қоғамдық негізде талқылауға қатысуға шақырады.

Ұзақ мерзімді мәдени саясат Тұжырымдамасында (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол –  2050: бір халық - бір ел - бір тағдыр» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсаты көзделген.

Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық тұрғыдағы маңызды бөлігі болып Елбасының «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясына негізделген қазақстандық ұлттың бай мәдени мұрасы мен шығармашылық жолындағы жетістіктері арқылы Қазақстан Республикасының әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру нысаны көзделген. 

Тұжырымдаманың басты мақсаты - көп ұлтты мемлекеттің мәдени кеңістігін дамыту, бәсекеге қабілетті мәдени ділін қалыптастыру, заманауи мәдени кластерлер құру.

Қазіргі таңда әлемдегі көптеген ұлттар мен мемлекеттердің басты артықшылығы болып мәдениет пен мәдени потенциалдың дамуы болып табылады.Жетістіктердің басты белгісі болып мәдениеттің даму деңгейі, мәдени институттар мен механизмдердің инфоқұрылымдарының  нәтижелі жұмыс жасауы,  ұлттық және әлемдік мәдени мұраның байытылуы мен сақталуының қамтамасыз етілуі, құрылуы, сапалы мәдени құндылықтардың тұтынылуы мен аударылымы, тұлғаның жемісті мәдени ауысымы мен өзін-өзі рухани-шығармашылық жүзеге асыруы саналады.    

 

Мәдени саясат– бұл қоғамның басты құндылықтары мен тұлғаның парасаты басталуын қалыптастыратын әрбір жемісті мемлекеттің негізгі идеологиялық белгісі болып табылады.  

Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомства жұмыстарымен, статистика көрсеткіштері немесе атақты есімдер барлығымен өлшенілмейді.

Мәдениетті қоғамда қалыптасып қалған қағида бойынша бос уақыт демалысы мен ойын-сауық саласы деп қарастырмай, ең алдымен мәдениетті ұлттық идеологияның қалыптасуының мықты құралы, елдің әлемдік кеңістіктегі мәдени дамуы мен орнығуы тұрғысынан қарастыру қажет.

Жеке табыс пен бизнестің, мемлекетті тұтас алғанда жетістіктің негізгі факторы ретіндегі қоғамның шығармашылық әрекетіне қатынасын өзгертетін мәдениет түсінігіне бағытталған заманауи тәсіл жаңа әлеуметтік мәдени ортаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бұндай жағдайларда дәстүрлі мәдени ортада түбегейлі ауысым жүреді: бірінші жоспарға ұшқырлық пен бәсекеге қабілеттілік шығады.

Мәдениет саласының аталған ахуалында өнер мен мәдени ұйымдарды экономикалық тұрғыда түсім келтіретін деңгейге жеткізетін экономика, бизнестік бастамалар үшін тамаша инвестициялық сала бағдарлары маңызды факторға айналады: киноиндустрия, анимация, цирктік өнер, концерттік және театр шығармашылығы және т.б.

Тұжырымдама жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының дөңгелек үстелінде, «Нұр Отан» ХДП қарасты «Мирас» қоғамдық кеңесі, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен шығармашылық одақтары өкілдері отырыстарында талқылаудан өтті.

ҚазҒЗМИ-нің Тұжырымдама жобасын атқару бойынша мерекелік жоспарына сәйкес Тұжырымдаманы талдау аясында шығармашылық зиялы қауымды, кәсіпкерлерді, мемлекеттік органдарды, БАҚ өкілдерін және ауқымды қоғамды қамтумен дөңгелек үстел отырысын өткізу белгіленген.

 

Уақыты және өтетін жері:

2014 жыл 11 шілде., тіркелу 9.30., басталуы 10.00.

Жұмыс тобының отырысы Алматы қаласында өтеді, Ұлттық кітапхана, Абай даңғылы, 14;

 

2014 жыл 12 шілде., тіркелу 9.30., басталуы 10.00 .  

Дөңгелек үстел отырысы Астана қаласында өтеді, «КӨРМЕ» көрме орталығы, Достық көшесі 3, 3 қабат.

 

2014 жыл 14 шілде., тіркелу 9.30., басталуы 10.00 .

Дөңгелек үстел отырысы Астана қаласында өтеді, Ұлттық академиялық кітапхана, Достық көшесі, 11.

 

2014 ж. 19 шілде тіркелу 9.30, басталу 10.00

Дөңгелек үстел отырысы ШҚО, Қабанбай ауылы (бұрынғы Жарбұлақ) Алакөл көлінде орналасқан «Арасан-Алакөл» демалыс орнында өтеді.

 

2014 ж. 23 шілде тіркелу 9.30, басталу 10.00

Дөңгелек үстел отырысы Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі 111, Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында  өтеді.

 

2014 ж. 24 шілде тіркелу 9.30, басталу 10.00

Дөңгелек үстел отырысы Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі 13, облыстық  Әкімдіктің мәжіліс залында өтеді.

 

2014ж. 26 шілде тіркелу 9.30, басталу 10.00

Дөңгелек үстел отырысы Орал қаласы, Киров көшесі 47, Облыстық филармонияда өтеді.

 

 

Қатысу шарты

Дөңгелек үстел отырысына қатысу үшін 2014 жылдың 11 шілдесіне дейін қатысу туралы өтініш беру қажет. Өтініштерді электронды нұсқада төмендегі адрестерге жолдауды сұраймыз: kaz.madeniet@gmail.com немесе тел.:  8 (7172) 44-28-07 бойынша тіркелу.

 

Телефон байланыстары мен электронды адрестер:  

моб.: +7 701 715 44 20 Избасханова Сауле Жунусбековна

е-mail: kaz.madeniet@gmail.com