Смитсон университеті Қазақстанның мәдениеті туралы монография шығарады

05.05.2018 17:00 48

2019 жылы Қазақстанның мәдениеті туралы монография-альбом жарыққа шығады. Бұл Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты (ҚазҒЗМИ) мен Смитсон институты (Вашингтон, АҚШ) арасындағы келісімге арқау болды. Осы және басқа да бірлескен жобалар туралы келісімге ҚазҒЗМИ директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов пен Смитсон институты Ұлттық мұражайының Азия мәдениетінің тарихы бағдарламасы жетекшісі доктор Пол Майкл Тэйлор жақында қол қойды.

 - Смитсон университеті бірнеше жыл бойы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының серіктесі болып табылады. Екі институттың эгидасымен Қазақстанның музыкасы және кескін өнері назарға ұсынылады.

Пол Тэйлордың сөзі бойынша Қазақстанның мәдениеті туралы монографияны жазу идеясының қазіргі уақытта  ертеңгі күнгі бейнесі дайын тұр.  Баспадан шыққан соң, монография әлемнің барлық ірі кітапханаларына таратылады.

Сонымен қатар, тараптар халықаралық қорлар, фандрайзинг, ежелгі тарих мұражайы базасында ғалымдардың біліктілігін көтеру арқылы ғылыми зерттеулерде серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Жаңа инновациялық цифрлық технологияларды мұражай ісіне енгізу тақырыбы бойынша мұражай қызметкерлерінің біліктілігін көтеруді ұйымдастыру мақсатымен Пол Тейлордың Астанаға сапары туралы келісімге қол жеткізілді.

Пол Тейлор АҚШ Мемлекеттік Департаментінің Орталық Азия мәселелері жөніндегі сарапшысы, этнография, этнобиология, Азияның тілдері мен материалды мәдениеті бойынша көптеген кітаптар мен ғылыми монографиялардың авторы,  мұражай көрмелерінің кураторы және деректі фильмдердің консультанты болып табылатынын атап өткен жөн.

Смитсон университеті танымал білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады, оған әлемдегі ең ірі экспонаттар, мұражай құндылықтары мен жәдігерлер  қорын қамтитын мұражай кешені кіреді. Институт құрамына 19 мұражай, хайуанаттар бағы, 9 ғылыми-зерттеу орталығы, сонымен бірге Смитсон институтының филиалдарына жататын 156 мұражай кіреді.