Ұлы мұра арқылы жаһандық әлемге жол

04.05.2018 10:00 246
  • 6
  • 4
  • 5
  • 3
  • 1

2018 жылдың 2 мамырында Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде ұлы ойшыл және ғалым әль-Фарабидің мұрасына арналған  «Жаһандық азаматтық саласындағы жас ұрпаққа білім беру» атты Халықаралық конференция өтті.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов қазақстандық делегация құрамында конференцияға қатысып ҚР Мәдениет және спорт министрінің атынан қатысушыларға ресми құттықтау сөзін оқыды.

Ол осы кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында белгілеген міндеттердің бірі екенін атап өтті, оның негізгі басымдығы жаһандық әлемге көрнекті тұлғалар арқылы Қазақстан мәдениетін таныстыру болып табылады.

Сонымен қатар, қатысушыларға БҰҰ Өркениет Альянсының Жоғарғы өкілі Насир Абдулазиз аль-Насер мен БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Қайрат Омаров құттықтау сөзін оқып, өз ниеттерін білдірді.

Негізгі баяндаманы техника ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (КазҰУ) ректоры Ғалымқайыр Мұтанов оқыды, ол әлемдік ғылым мен мәдениетке аты танымал болған ғалымның үлкен үлесін атап өтті. Оның еңбектері еуропалық Қайта жаңғыруға үлкен ықпал ете отырып, Батыс пен Шығыс философиясы мен мәдениетінің жақындасуы арасында байланыстырушы көпірге айналды.

Іс-шараға БҰҰ қатысушы-елдерінің делегациялары, АҚШ сарапшылық және академиялық қоғамы қатысты. Іс шараны ҚазҰУ, БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ Өркениеті Альянсы ұйымдастырды.