Қазақстан мен Ресей институттары арасында келісімге қол қойылды

02.03.2018 18:00 255
  • остров мечты
  • 1482483850_lenfilm-emblema
  • RVS2

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты және Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігінің «Роскультпроект» ФБММ арасында негіздемелік келісімге қол қойылды. Келісімнің мәні институттардың бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асырудағы серіктестігі, екі мемлекеттің министрліктерінің қызметіндегі әлеуетті бағыттарды анықтау болып табылады.

Келісімге қол қою салтанатында өзінің кіріспе сөзінде ҚазҒЗМИ-дың бас директоры, философия докторы Андрей Хазбулатов: – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасында мәдениет саласына ерекше мән береді, - деп, атап айтты. – "Жүктеме" саланың барлық тарамдарында жүргізілуде.  Бұл өнер, тіл саясаты, ұлттық мәдени мұраны сақтау мен туризмді дамыту үрдісіне де қатысты. Соңғы үш жыл киноөндіріс үшін де айтулы болды. Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Мәдениет институты Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы мен қазіргі уақытта Парламент қарауында жатқан "Кинематография туралы" Заңның жобасын әзірледі. Елде Ұлттық цифрлық киноколлекцияны жасау процесі басталды.  Осы келісім жаңа көлемді жобаларға бастау болып, оларды іске асыру біздің елдеріміздің жобалық басқарылуы мен стратегиясына жауап беретін мәдениеттің базалық институттарына жүктелетініне сенімдімін.

Бірлескен қызмет туралы өз ойымен стратегиялық басқару, мәдениеттегі сандық және сапалық зерттеу әдістері, кинематография мен басқа да гуманитарлық салалардағы ресейлік ғалым, "Роскультпроект" бас директоры Олег Иванов бөлісті:

– Қазақстан  – үлкен мүмкіндіктердің елі. Оның зор әлеуетін барлық қызмет салаларында жүзеге асыру керек. Әсіресе, өткен мен қазіргіні, рухани құндылықтар мен заманауи өнерді, дәстүр мен қоғамдық сананы қамтитын мәдениет саласының жобаларында ерекше мүддені көремін.  Мәдениет арқылы біз елді танимыз, сондықтан осы түсінік толық әрі лайықты болуы үшін жаңа мәдени құндылықтардың дамуына ықпал ететін оның барлық салалары толыққанды қызмет атқаруы керек.

Ресейдің Мәдениет және спорт министрлігі мәдени стратегиялар мен жобалық басқару орталығы ретінде құрған Роскультпроекттің басты міндеті мәдени емес материалдық мұраны сақтау мен өзектендіру болып табылады.

Жұмыс сапары шеңберінде "Кинематография туралы" Заңның түйінді қырларын талқылау мақсатында ҚазҒЗМИ-дың бас директоры Андрей Хазбулатов  Ресейдегі ең ескі киностудиялар –"Ленфильм" мен "Мосфильм" басшылары және өкілдерімен кездесті, Санкт-Петербургтегі "дүниежүзілік орыс студияларына", әлемдегі ең үлкен жабылған паркке айналатын салынып жатқан "Арман аралы" атты Мәскеудегі тақырыптық ойын-сауық паркіне барды.