ҚазҒЗМИ мен Мәдениеттерді жақындастыру орталығы меморандум жасасты

09.02.2018 13:45 705

2018 жылдың 9 ақпанында Алматыда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мен «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Мемлекеттік музейі» РМҚК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтті.

- Мәдениеттерді жақындастыру орталығы 2015 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен құрылды. Біздің орталық қазақ мәдениетін дамыту мен алға жылжыту саласындағы бейіндік мемлекеттік институт болып табылады.  Мәдениет саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізетін тарихы тереңде жатқан Қазақстан институттарының бірі  ҚазҒЗМИ-мен Меморандум бекіту сала тарихындағы айтулы оқиға екені анық.  Себебі, ЮНЕСКО Бас конференциясы 2013-2022 жылдар аралығын Мәдениеттер жақындасуының Халықаралық онжылдығы жариялады.  Біздің ортақ әрекетіміз мәдени әралуандықты насихаттауда жаңа серпін беріп, археология мен мәдениеттану саласындағы жетекші ғалымдардың зерттеулерін жинақтауды мүмкін етеді деп есептеймін, сонымен бірге, біздің мемлекеттің негізгі идеологиялық тұғырын сақтай отырып,  Қазақстан мәдениетін жаһандандыру арқылы Әлем мәдениетіне жақындасу процесін жеделдетеді.

Меморандумды іске асыру аясында тараптар ғылыми экспедициялар, мәдени мұраны сақтау, қалпына келтіру және консервациялау саласындағы  озық технологиялармен алмасу туралы тренингтер мен семинарлар жүргізуге,  мәдениет және өнер саласындағы жас мамандардың тағылымдамасын ұйымдастыруға дайын екендерін атап өтті. 

Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған Мәдениеттерді жақындастыру орталығы - ЮНЕСКО ұранымен ашылған Қазақстандағы жалғыз институт.  Сонымен қатар, орталықтың беделі мен мәртебесін оның директоры - көрнекті ғалым-археолог, тарих ғылымдарының докторы және  академик Карл Молдахметұлы Байпақов көрсетеді. Сондықтан, бекітілетін Меморандумның басты мақсаты – мәдениет, ғылым мен конфессияаралық диалог саласындағы жаһандық ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеу мен іске асыруда осындай серіктеспен күш біріктіру – жаңа жетістіктер мен жаңалықтардың бастауы болары сөзсіз – деп, ҚазҒЗМИ-дың бас директоры Андрей Хазбулатов қорытындылады.