Астанада Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

25.11.2017 17:00 997
  • IMG_7065
  • IMG_7266
  • IMG_7189
  • IMG_7059
  • IMG_7046
  • IMG_7069
  • IMG_7037
  • IMG_7112
  • IMG_7135

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «Рухани жаңғыру идеясының мәнмәтініндегі Ұлы дала елінің ежелгі және ортағасырлық тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға отандық және шетелдік  жетекші ғалымдар, археологтар, ғылыми қызметкерлер, ЖОО оқытушылары, докторанттар, магистранттар мен студенттері қатысты.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Мәдениет және өнер істері департамент директоры Алмаз Нұразқан өз сәлемдесу сөзінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру аясындағы археологияның маңызы зор екенін атап өтті:

-   Бүгін осы халықаралық конференцияға еліміздің тарихын қалыптастыруға өз үлесін қосқан Қазақстан мен шет елдердің археологиялық ғылымның бетке ұстар жетекші мамандар қатысып отыр. Жалпы, осы жыл мәдениет саласы үшін, оның ішінде археологияға да, маңызды оқиғаларға толы  жыл болды. Біз еліміздің жылнамасының алтын әріптермен жазылатын оқиғалардың куәсі болып отырмыз! – деп қорытындылады.

Конференцияның пленарлық отырысында өркениет кезеңдерінің, қорған салу мәдениетінің кең таралуы, жерлеу және ғибадат ету ғимараттарының ерекшеліктері талқыланып, табылған қола дәурінің жәдігерлері ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Өзбекстан аумақтарында табылған жерлеу орындары мен ондағы тұрмыс заттарына салыстырмалы талдау жасалды.

Оның ішінде, ҚаЗҒМИ бағдарламасы бойынша зерттелген ескерткіштері жөнінде тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақов мәлімдеді. Баяндамасын археологиялық қазбалар барысы мен табылған жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстарын көрсететін фильм ретінде ұсынды.

Конференцияның негізгі бөлімі ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысымен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының жүргізіп отырған жобалар нәтижелері болды.

- Бүгін біз археология көшбасшылармызбен қатар институттың жетекші ғылыми қызметкерлеріміз жүргізген жобаларды ұсынбақпыз. Олар – Ботай мен Тоқсанбай, Шимайлы петроглифтері мен ЮНЕСКО-ның алтын топтамасына енген Құлан, Кызылбұлақпен пен Күлтөбе, Сарырқа ескерткіштеріде бір бөлек төбе. Карл Молдахметұлы, Зайнолла Самашұлы, Виктор Федорович пен өз ісіне жан-тәнін беріп  жүрген тұлғалар арқасында ғылым әлеміне ұсынарымыз баршылық. Оның ішінде бірнеше жылдар бойы зерттеу жүргізген жобалар бойынша анықтама беретіні қаншама! Бір жағынан археология ғылымына барын салған жаңашырларымыз болса, екінші тараптан Қазақстанның археология ғылымының одан әрі қарай дамып өсуіне барша жағдай жасап отырған Мәдениет және спорт министрлігін атап өткен жөн! – деп Андрей Хазбулатов атап өтті.

Дала қазбалар нәтижелері интерактивті графикалық интефейс жасау арқылы креативті қалпында көрсетіліп, ал табылған жәдігерлердің бір қатары Ұлттық музейдің қорына тапсырылды.

- Бұл жыл біз үшін барлық тараптан жемісті жыл болды. Мәдениет және спорт министрлігі өз тарапынан ғылыми зерттеу жобаларын қолға алуда. Мәдениет институтынің қолдауымен және «Берел» қорық мұражай күшімен біраз археологиялық қазбалар жүргіздік. Оның нәтижесінде бүгінгі уақытша экспозиция құрамындағы Тоқсанбайдан табылған 4 мың жыл бұрын жасалған жәдігерлер мен Оңтүстік Қазақстан аумығы қалашықтарынан  табылған  ыдыс-аяқ пен әшекей бұйымдар. Бұл – табылған заттардың шамалысы ғана, көптеген бұйымдарға қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуде. Осы өтікізліп отырған конференцияның маңызы тек есеп беруде ғана емес, бұл – болашақта жасалу тиіс бағытты айқындау! – деп, осы күндері 70-жылдық мерейтойын атап өткен тарих ғылымдарының докторы Зайнолла Самашев бөлісті.