Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Мәдениеттің Қазақстандық моделі

15.06.2017 18:00 150

 G35A6089

«Мәдениеттің динамикалық моделі: Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Николай Рерихтың философиясы мен шығармашылығынан рухани мән іздеу мен пікірталастың ғылыми алаңына айналды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылып, 2017 жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында ашылған ғылыми форум «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар» көрмесінің жалғасы болып табылады.

Конференция жұмысын бастай отырып, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Галина Поваляшко отандық және шетелдік ғалымдардың суретші, философ, археолог, жазушы, этнограф және саяхатшының қызметінің сан қырларына деген ғылыми қызығушылығын атап өтті, сондай-ақ, Николай Рерихтың идеялық және шығармашылық мұрасының қазіргі пәнаралық зерттеулер үшін маңыздылығын көрсетті. Орталық Азиялық экспедицияның (1923-1928 жж.) материалдары бүгінгі заманымызда құнды этнографиялық деректердің көзі болып қызмет етеді, Рерихтың көркемдік жүйесін, көркем символизмін, историзмін өнертанушылар әлі күнге дейін зерттейді, мәдениеттанушыларға оның көркем мұрасының кросс-мәдени мазмұны қызықты, Николай Константиновичтің адамгершілік педагогикасы қазіргі оқу үрдісінде өте өзекті.

Конференцияда қазақ ғылымының әлеуметтік-қоғамдық өкілдерінің өте қызықты ғылыми баяндамалары оқылды, олар «Мәдениеттің Қазақстандық моделі: Қазақстан және әлемдік қауымдастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағында жарияланады.

Конференцияға АҚШ, Ресей, Қазақстанның ғылыми орта өкілдері қатысты.

попов

Дмитри Попов, Николай-Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайының бас қор сақтаушысы:

- Николай Рерих тұлғасы ең алдымен, қаншама дарынды бойына жинап, көптеген шығармашылық рөлдерде  өзін көрсеткенімен қызықты. Оның шығармашылығы адамдарды күні бүгінге дейін толғандырып, тебірентеді. Себебі, ол көрермен мен оқырманның санасында, сезімінде архетиптердің тұтас шоғырын тереңінен қозғайды. Бірақ бастысы, оның бізге қалдырғаны, бүкіл адамзаттың басты құндылығы Мәдениет болып табылады, өзінің әралуан көріністері арқылы тұтас мозаикаға бірлесетін ол, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін сақталуы тиіс.

 абазов

Рафиз Абазов, Колумбиялық университеттің профессоры (АҚШ):

- Кез келген мәдени және адамгершілік менмендікті қабыл алмайтын Николай Рерихтың сан қырлы шығармашылығының еуразиялық мазмұны туралы толық негізді айтуға болады. Бейбітшілік туы және Рерих Пактісі – Николай Константиновичтің әлемдік қызметінің ғаламат нәтижесі.

Батурина  

Ольга Батурина, Өнертану кандидаты , Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА профессоры:

- Көптеген мағынаға толы Кеңістік пен Уақыттың пәлсапасы Мәдениетті Өмірдің және Адамның мәні еткісі келетін суретшінің ғаламат талпынысын көз алдына елестете отырып, Рерихтың көркем шығармашылығын толықтырады.

 алтыбаева

Сәуле Алтыбаева, Абай ат. ҚазҰПУ филология ғылымдарының докторы:

- Николай Рерихтың әдеби мұрасының Мәдени коды өз мағынасын Рух жарығынан Жол іздеген терең ойлы оқырманға ашады. Қазіргі уақытта Рерихты әдебиеттанулық зерттеу  жеткіліксіз, ол өз алдына, оның шығармашылығының қаситетті мәніне Жол іздеуді білдіреді.

 Астанадағы конференция қарсаңында БҰҰ Қазақстан Республикасының Миссиясының, Қазақстан мен АҚШ Елшілігінің ресми қолдауымен және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен ұйымдастырылған «Шамбаланы іздеу жолында: Николай Рерихтың Нью-Йорктегі мұражайынан алынған жауһарлар» көрмесі ашылды.