Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Қытайда анимация индустриясының көрмесі өтуде

07.07.2017 13:00 155

WhatsApp Image 2017-07-06 at 13.13.21

Шанхайда заманауи поп-мәдениет пен косплей сынды өнердің, графикалық новеллалар, комикстер, анимация, бейне ойындар және т.б. жаңа ағымдарын ұсынған The 13th China International Cartoon & Game Expo (CCG EXPO 2017) Халықаралық көрмесі өтуде. Көрмеде Қазақстанды Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты ғылыми қызметінің нәтижелерін коммерциялау бөлімінің жетекшісі Елдос Мертенов таныстырды.

Көрменің бірінші күні, 6 шілде, Израиль, Франция, Венгрия, Жапония мен Қытайдың анимация мен бейне ойын индустриясы саласындағы атқарған жұмыстары көрсетілді.

Көрме аясында танымал автор Генри Чемберлейн  комикстерінің күнін өткізу, косплей-конкурстары, аниматорлардың конкурсы, анимация мен ойын индустриясын стандарттау мен дамыту туралы форум және қытай анимациясының стандарттау мәселелерінің, нормативті актілерінің, осы саладағы авторлық құқықты қорғаудың болашағы туралы дөңгелек үстел жоспарланған.

Форум қатысушылары Шанхайлық ойын анимациясының IP салонына барып, анимациялық фильмдермен танысты. Ойын контенті және анимация жаңалықтарымен алмасудың серіктестігі туралы келіссөздер жүргізілді.

WhatsApp Image 2017-07-06 at 13.40.02

WhatsApp Image 2017-07-06 at 14.57.20

WhatsApp Image 2017-07-06 at 14.55.44

 Анықтама үшін:

Косплей - (қысқ. ағыл. costume play — «костюмді ойын») – танымал кейіпкерлердің костюмдерін кию, осындай костюмдерді даярлау. Көпшілік хобби, маскарадқа ұқсас. Костюмді ойынның негізгі прототиптері – мультфильмдердің, аниме, бейне ойындар, комикстер, кітаптар мен мифтердің кейіпкерлері. Косплейшылар әдетте өздерінің костюмдерін тақырыптық фестивальдарда, немесе фотосуреттер топтамасында ( фотокосплей),  бейнежазбада (бейнекосплей) көрсетеді.