Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Астанада «Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» халықаралық көрмесі ашылды

13.07.2017 18:00 182

1

2017 жылдың 13 шілдесінде Астанада, ҚР Ұлттық мұражайында ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен «Арт дала: уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» Халықаралық көркем көрмесі ашылды.

Өзінің құттықтау сөзінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Арт Даланың» өзіндік ерекшелігі бар, себебі , оның атауының өзі үлкен міндеттер жүктеп, біздің ұлы Даланы бейнелейтінін атап өтті.

–  Ұйымдастырушыларға –  біздің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына, және де Ресейдің жетекші өнертанушыларына  алғыс білдіремін. Баршаға – шеберлер мен жас дарындарға зор жетістік пен табыс тілеймін, - деп, Арыстанбек Мұхамедиұлы өз сөзін жалғастырды.

Заманауи кескіндемеге деген кең көзқарас оның кураторларының халықаралық құрамына негізделген. Олардың қатарында өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры Ольга Батурина, Ә.Қастеев атындағы МӨМ директорының орынбасары Анжелика Акильбекова, өнертану докторы, И.Е Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік академиялық кескіндеме, мүсін және архитектура институты «Өнертану» факультетінің деканы Светлана Грачева бар.

Көрмеде шығармашылығы уақыт белгісіне айналған 10 елдің отыз үш суретшісінің 100 суреті ұсынылған. Осы ауқымды көрмеде бүгінгі күнгі қазақстандық кескіндеменің бар үздігі – маңызды есімдер, қалыптасқан шеберлер мен олардың бағдарламалық шығармалары көрсетілген.

 Қазақстандық авторлардың қатарында – Ғани Баянов,Асқар Есдәулетов, Марат Бекеев, Шамиль Гулиев, Андрей Нода, Владимир Григорьян, Вячеслав Люй-Ко, Евгений Фридлин, Алексей Уткин, Нұрлан Бажиров, Асемқұл Бейбіт, Татьяна Баринова, Жанат Кошен, Нұржан Сауытбеков және Марьям Ералиева.

Экспозиция тақырыбын өзінше түсінген Санкт-Петербургтық заманауи суретшілер, Клим Ли, Александр Чувин, Хамид Савкуев, Константин және Екатерина Грачевтар, Никита Фомин, Олег Михайлов өз жұмыстарын көрерменге ұсынды.

Сондай-ақ, көрмеде басқа елдердің танымал суретшілері де өз туындыларын көрсетті: АҚШ – Роза Алелашвили, Италия – Кармине Барбаро, Украина –Андрей Копчак, Грузия – Русудан Хизанишвили, Өзбекстан – Сардор Аллабергенов және Анвар Бахтеев (Өзбекстан Көркемөнер Академиясының корреспондент-мүшесі), Түрікменстан – Ованезмухамед Маметнуров (Түрікменстан Халық суретшісі), Қырғызстан – Джылдызбек Молдахматов (ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері), Әзірбайжан - Елена Ахвердиева.

IMG_8306

Көрмені өткізу бастамасын министр Арыстанбек Мұхамедиұлы ұсынды, біз министрге, министрлік пен мұражайға көрмені өткізуге көмектескені үшін алғыс білдіреміз, - деп, Ольга Батурина ерекше атап өтті. – Бұл идеямен, қолдаумен шабыттанып, осы тамаша көрмені қысқа ғана мерзім ішінде ұйымдастырдық. Мұнда соңғы 25 жылда салынған қазақстан және шетелдік суретшілердің туындылары ұсынылған. Көрме тақырыптары, сюжеттері, стильдері және кескіндеме бағыттарының, сондай-ақ, авторлар географиясының диапазоны кең және әр алуан. Көрменің «Арт Дала: уақыт пен кеңістіктегі диалогтар» аталуы кездейсоқ емес. Оның басты идеясы – қазіргі отандық кескіндеме дауысының полифониясын, олардың шетелдік дискурстармен үндестігін таныту.

Ресей Федерациясының Конституциялық Сотының жетекші кеңесшісі, заң ғылымдарының докторы, Ресей Көркемөнер Академиясы жанындағы И.Е.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура Институтының лекторы Алексей Карцов көрмені Пушкинның Касталь бұлағымен салыстырды:

IMG_8432

–Бұл вернисаж, біздің мемлекеттерді терең мағынада біріктіретін дала бейнесі және аталған тақырыпты айтарлықтай кеңінен ашады –. Пушкин өзінің «Үш қайнар бұлақ» өлеңінде бейнелегендей «Мұңлы және шексіз кең далада, жарып шықты тасты, тылсым тұнған қайнар мөлдір үш бұлақ: біріншісі, сотқар жастық, зымырайды жалт-жұлт етіп, тез қайнап. Екіншісі –Касталь бұлақ, сылдырлайды толқынымен шабыттың кең далада шөлдегенді сусындап. Соңғы бұлақ – суық бұлақ, ұмтылғанның, жүрек отын лаулатып, балдан тәтті,қандырады шөліңді. Бұл көрме де, Касталь бұлағы тәрізді, барлығымызды дала тақырыбы арқылы біріктіріп, барлық шекараларды өшірді.

 3

IMG_8797 4 IMG_8697 IMG_8631