Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

New York Post қазақстандық фильмнің көрсетілімі туралы жаңалықты жариялады

09.06.2017 12:23 64

1

АҚШ-та  New York Post  көпшілікке арналған газетінің беттерінде Қазақстандық ғылыми-көпшілік фильм «Марко Полоның Жібек жолы» көрсетілімінің тұсаукесері туралы ақпарат жарияланды.

IMG_2314

Африканың, Азия және Латын Америкасы фильмдерінің 27-фестивалінің арнайы сыйлығына ие болған фильмнің эксклюзивті көрсетілімі 2017 жылы 8 маусымда Нью-Йорк Өнерінің Ұлттық қоғамында өтті.

Бұл беделді  қоғамдық ұйым өнерді дамыту саласында АҚШ-тағы ең ескі ұйымдардың бірі болып табылады. Қоғам мүшелеріне режиссер Мартин Скорсезе, актерлер – Итан Хоук, Роберт Редфорд, Ума Турман және киноөндірістің басқа да белгілі өкілдері, сондай-ақ, америкалық ең ірі мұражайлардың басшылары, танымал суретшілер мен қоғам қайраткерлері кіреді. Әр түрлі комитеттердің арасында Ұлттық Өнер қоғамының жанында Киноөнер комитеті бар.

Фильм Орыс-американдық қордың бастамасымен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен ұзақ мерзімді серіктестік аясында көрсетілді. «Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмі Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен әйгілі итальяндық көпесшінің Ұлы далаға жасаған саяхаты туралы кітабының желісімен 2016 жылы түсірілген. АҚШ-тың, Ресей, Қытайдың,Италия мен Қазақстанның  жетекші тарихшы-сарапшылары Марко кітабы құбылысының бірегейлігін ашып көрсетеді. Фильмде Орталық Азия мен қазіргі Қазақстан территориясын сипаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

IMG_0207

Марина Ковалева, Орыс-американдық қордың президенті: «Біз үшін казақстандық фиьмді Нью-Йоркте көрсету үлкен құрмет. Фильм американдық көрермендердің үлкен қызығушылығын оятары сөзсіз. Себебі, аты аңызға айналған Жібек жолының тарихы жұмбақ пен құпияға толы. Осы жерде көне өркениеттер пайда болып жойылған, аты белгісіз шеберлер баға жетпес мәдениет ескерткіштерін тұрғызған, даңқты саяхатшылар ғаламат ашулар жасаған».

12c14b8c0b0b3d0011f94f4e89455f2e

 

Андрей Хазбулатов, Қазақ ғылыми зерттеу мәдниет –институтының директоры: «Марко Поло тұлғасына деген қызығушылық, Марко Поло тек кітап авторы ғана емес, сондай-ақ, Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропаны, Көшпенді және Отырықшы мәдениетті біріктірген тарихта маңызды тұлға болғанымен түсіндіріледі. Марко Поло күні бүгінге дейін дау тудыратын  дара бірегей білім көзі «Әлемнің әралуандығы туралы кітаптың» авторы болып табылады. Азия ұзақ уақыт еуропалықтардың көзінен тасада болды. Оларға Марконың кітабы жұмбақ болған Қытай, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияны ашты, және оның басты құндылығы осында.

IMG_2303 

Рафиз Абазов, тең продюсер, фильмнің аға ғылыми кеңесшісі: «Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік тарихи үрдістің ажырамас бөлігі ретінде қазақ тарихының кейбір кезеңдерін ғылыми зерттеу жанданды. Марко Полоның саяхаты осындай кезеңдердің қатарына жатады. Марко Поло оның сарайында өмір сүрген –  Құбылай хан, Шыңғысханның немересі, татар-моңғол, яғни көшпенді болған. Және де, Марко өз кітабында ол туралы өте жағымды ой қалдырған, ендеше, көшпенділердің мемлекеттік құрылымы, дінге еріктілігі, мәдениеті тұрғысынан оң көзқарасын білдірген. Ұлы Жібек жолы тек сауда қатынастарын ғана емес, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық және мәдени байланыстарды орнатуға септігін тигізген. Жібек жолының қазақстандық аймағы Батыс пен Шығысты біріктірген болатын».

 

Анықтамалық ақпарат:

New York Post газеті (орыс. Нью-Йо́рк по́ст) 1801 жылы негізі қаланды. Таралымы (2011 жылы)  жай күндері 501 мыс дана және демалыс басылымы – 339 мың. 1976 жылдан бастап газет американдық медиа-магнат Рупер Мёрдокке тиесілі.