Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

Қазақстандық ғылыми-көпшілік фильм «Морко полоның Жібек жолы» Миланда өткен кинофестивальда арнайы сыйлыққа йе болды

26.03.2017 10:45 214

Наурыздың 19 мен 26 аралығында Милан қаласында Африка, Азия және Латын Америка фильмдерінің 27-фестивалі өтті. Италия кино индустриясындағы бірегей және дара фестиваль жарты ғасыр бойына үш құрлықтың мәдениетін байланыстырып келеді.


 

«Марко Полоның Жібек Жолы» атты Қазақстандық ғылыми-көпшілік фильм ағымдағы жылдың 23 наурызында Миландағы Спацио Обердан кинотеатрында көрсетілді.

Көрсетілімге Италияның Қазақстан Республикасындағы бірінші хатшысы Алмасбек Жұмаділов, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, MondoMostre халықаралық жобаларының басшысы Мария Аззура Ла Роза, Милан мәдениеті коммиссиясының төрағасы Паоло Босси, Милан қаласының  мэрия өкілдері, Европалық дизайн институты, Армандо Рисалитидің итальяндық мақта өнеркәсібі конфедерациясы өкілдері, продюсерлер, киносыншылар және Милан тұрғындары қатысты. 

 

 

Көрсетілім басталмас бұрын, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының  атынан құттықтау сөз айтты: «Африка, Азия және Латын Америка фильмдерінің кинофестивалі – халықаралық киноиндустриядағы шынымен үлкен мәдени оқиға. Көптеген мемлекеттер үшін кинофестиваль өз мемлекетінің мәдениетін көрсетудің бірегей мүмкіндігі болып, заманауи қоғамды дамыту мен шығармашылық алмасу үшін тамаша алаң және ажырамас ерекше белгіге айналғанын атап өткен жөн. Қазақстан кинофестивальда алғаш рет «Әлемнің әр алуандығы туралы кітабында» өзінің Азияға жасаған  саяхатының тарихын сипаттап берген ұлы итальяндық саяхатшы туралы «Марко Полоның Жібек жолы» атты ғылыми-көпшілік фильмімен қатысып отыр.Осы кинофестивальға қатысу біз үшін жақсы дәстүрге айналатынына үміттенемін».

Сондай-ақ, Андрей Хазбулатов өз сөзінде «Марко Полоның Жібек жолы» ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен 2016 жылы түсірілгенін айтты. Түсірілім Италияда, Қытайда және Қазақстанда өтті.Фильмді түсіруде  отандық және халықаралық ғалымдар, тарихшылар мен саяхатшының өмірбаянын зерттеудегі және ортағасырлық ориенталистикадағы, география мен этнологиядағы алдыңғы қатарлы сарапшылар қатысты.Осы жылы көрсетілген фильмнің Қытай, АҚШ және Еуропадағы дистрибуциясы жоспарланады.

Италияның Қазақстан Республикасындағы бірінші хатшысы Алмасбек Жұмаділов: «Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени ынтымақтастық барлық бағыттарда ойдағыдай табысты дамып келеді.Мәдениет біздің халықтар арасында жанды байланыс ретінде қызмет етеді. Екі мемлекетте де  тұрақты негізде көрмелер, концерттер, Мәдениет күндері мен басқа да шаралар өткізілуде. Мәдени орталықтар, фондтар,кинофестивальдармен өзара белсенді әрекеттестік дамуда. Бұған айқын мысал бүгінгі қазақстандық фильмнің Миландағы көрсетілімі»,- деп айтты.

«Амброзиана» академиясындағы Азия класының ғылыми хатшысы профессор, фильмнің ғылыми кеңесшісі Эдоардо Канетта: « «Марко Полоның Жібек жолы» фильмінің ұлы саяхатшының отаны Италияда көрсетілгені қуантады. Фильм өте қызықты әрі тынымсыз еңбектің арқасында жарыққа шықты. Марко Поло кітабында баяндалған деректердің растығына күмән келтіретін кездер болды және әлі де бар. Біз фильм арқылы  бұл күмәнді сейілтіп, көптеген елдердің, соның ішінде Қазақстанның да  географиясы,этнографиясы және тарихынан хабар беретін құнды ақпарат көзі болатын кітаптың бірегейлігіне көңіл аудартуға тырыстық».

Колумбиялық университеттің профессоры, продюсер Рафис Абазов: «Егер танымал венециандықтың саяхаты туралы айтсақ, ол тек кеңістікті ғана емес, өзінің «Әлемнің әр алуандығы туралы кітабының» арқасында уақытты да еңсеріп шықты.Оның кітабы біз үшін, фильмді жарыққа шығарушылар үшін ғылыми зерттеулерге нағыз олжа болды. Міне, бүгін сіздердің назарларыңызға жұмысымыздың нәтижесін ұсынып отырмыз. Фильм кәсіпқой мамандар мен жай көрермендердің жанды қызығушылығын оята алды.