Астанадағы Италияндық дизайн күні

02.03.2017 15:23 770

Алғаш рет Астана қаласы Италияның сыртқы істер министрлігі және Милан Триенналесі бастамасымен Италияндық дизайн күні тойланатын әлемнің 100 қаласының тізіміне енді. Бастама италияндық дизайн өнерін 360° алға жылжыту үшін ұсынылып отыр.

Осыған орай, 2 наурыз күні сағат 15:00 Еуропалық дизайн институтының танымал профессоры (IED, Милан қ.), сәулетші Джакопо Барджеллинидің «сулылыққа 50 жыл» атты дизайн туралы лекциясы өтті.

Іс-шараға Италия Республикасының Казақстандағы елшісі Стефано Раваньян, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражай директорының орынбасары Жәнібек Көрпебаев, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының директоры Андрей Хазбулатов, Қазақ технология және бинес университетінің халықаралық байланыстар мен оқу-тәрбие жұмысының проректоры Мереке Танкибаева, және де ҚазҰӨУ,Гумилев ат. ЕҰУ,ҚазТБУ студенттері қатысты.

Лекциядан кейін «Fashion for Future» байқауының ширекфиналына өткендермен жеке сұхбат жүргізілді.

Еске сала кетсек,  Еуропалық Дизайн Институты халықаралық EXPO&WOMEN ұйымымен бірге, Қазақ технология және бизнес университеті, Алматы технологиялық университеті және Астанадағы Италия елшілігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Astana EXPO-2017 және Дүниежүзілік Италияндық дизайн күні аясында өткізілетін Fashion4Future байқауының жеңімпазына 2018 жылы Италиядағы IED Жаздық Сән мектебінде білім алуына 1 атаулы грант бөлінгенін жариялады.