Қайырымдылық – балалар игілігі үшін жасалған жақсылық.

28.02.2017 14:30 676

 

Қазақстанда Президенттің бастауымен 2016 жылдың 14 қаңтарында №173 қаулы бекітіліп, Алғыс айту күні тойланатын болды. Бұл құжатта мейрамды атап өтудің ресми күні – 1 наурыз деп көрсетілген.Алғыс айту күні барлық қазақстандықтардың  бір-біріне деген мейірімділігін, достық пен махаббатын білдіру күніне айналды.

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты мейрамның қарсыңында Астана қаласының балалар үйінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 5-6 жастағы балалар тәрбиешілерімен бірге мультфильм сеансына барып,  оларға естелік-сыйлықтар табысталды.