Іздеу

Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі

«Астана Опера» театрының екінші маусымы аяқталды

16.07.2015 925

 

«Астана Опера» театрының екінші театр маусымы аяқталды. Оның қалай өткені туралы театрдың маркетингтік зерттеулері бойынша алынған статистикалық мәліметтерден білуге болады.

2014-2015 жылғы екінші театр маусымының қорытындысы бойынша «Астана Опера» театрында 200-ден астам іс-шаралар өтті, тұрақты репертуардағы спектакльдермен қатар Ғ.А.Жұбанованың «Қарагөз», П.И.Чайковскийдің «Жаңғақ шаққыш», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» сияқты үш балет спектаклін және Х. Брогхауздың қойылымындағы Дж.Вердидің «Травиата» және атақты режиссер Ф. Дзеффиреллидің қойылымындағы Дж.Вердидің «Аида» сияқты екі опералық спектакльді қосқанда бес тұсаукесер болды. Гала-концерт пен гала балетке үлкен қызығушылық туғандығы атап өтілді.

Зерттеулер көрсеткендей, театрға келуші көрерменнің жас шамасы 25-тен 40-қа дейінгілерді құрайды. Қойылымдарды таңдау кезінде театрдың қонақтары қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін ең белгілі, әсерлі және қабылдағанға жеңіл спектакльдерге ерекше мән берді. «Астана Опера» көрермендерінің айтуы бойынша өз қызметін енді бастаған театр ұжымы екі жылдың ішінде астанамыздың мәдени өмірінің деңгейін айтарлықтай арттырды, бұрын тек шетелдерде ғана көруге болатын қойылымдармен танысуға мүмкіндік берді. Репертуарлардың ішінде әлемдік сахнада Қазақстанды танытуға және гастрольдерге шығуға болатын, шеберлікпен жасалған сахналық қойылымдағы ұлттық спектакльдердің болуын атап өтуге болады.

Маркетингтік зерттеулерде барлық тұсаукесерлік қойылымдар барысында залдар 99%-ға толы болғаны атап көрсетілген. «Астана Опера» театрының қойылып жүрген репертуары «Травиата», «Аида», «Қарагөз», «Бақшасарай бұрқағы», «Спартак», «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару» және басқа танымал және көпшілік үшін сұранысқа ие спектакльдерден тұрады. Ашық аспан аясында қойылған «Аида» операсының қойылымы үлкен қызығушылық туғызды. Театр әкімшілігі ашық кеңістікте басқа да қойылымдарды қою мүмкіндігін қарастыруда.

Театрдың үш залында өткізілген барлық іс-шаралар бойынша залдар көрерменге 87,5% толған. Театрдың екінші мусымында театрға 90 737 көрермен келген.

«Астана Опера» театрының қойылымдарымен қатар, Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Новосібірдің МОБТ, Қытай шығармашылық ұжымы, З. Палиашвили атындағы Грузиндік мемлекеттік опера және балет театрының ұжымы шақырылған, «Астана Опера» театрына Мариинский театры екі рет келген, аталған театр ұжымдарының спектакльдері көрермендерге ұсынылды. Еліміздің мәдени өмірінде, әлемдегі ең ескі театрлардың бірі Сан-Карло театрының гастрольдері ерекше оқиға болды. Жоғарыда аталған өнер ордаларының топ менеджерлері жаңа сәулетті театрда өнер көрсетуге болатынын және өнер көрсету қажеттігін айтып кеткен.

Олардың барлығы ұзақ мерзімді әріптестікке қол жеткізуге ұмтылуда. Шақырылған бас дирижер Валерий Гергиев: – Біз гастрольдік сапарлармен өнер көрсету арқылы Санкт-Петербор және Астана қалаларының мәдени өмірін байыта түсетін репертуарларды міндетті түрде кеңейтетін боламыз, – деп атап өткен болатын. Маэстро Мариинский театрының репертуарының көпшілігі Астана қаласының көрермендері үшін шын мәнінде қызығушылық тудыратынына сенімді.

Елордалық «Астана Опера» театрының труппасы өз кезегінде АҚШ (Нью-Йорк), Канада (Торонто), Франция (Париж), Бельгия (Антверпен), Голландия (Роттердам) сияқты 5 елде әлемдік турне бойынша өнер көрсетті және барлық елден әртістер үлкен табыспен оралды. Балет труппасы Карло Феличе (Италия) театрының сахнасында өз шеберлігін көрсетті.

«Астана Опера» театрының үшінші маусымы Қытай, Ресей және Қазақстанның түрлі қалаларынан қатысушылар келетін «Жібек жолы» екінші халықаралық фестивалімен ашылады, онда А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсының және Л. Минкустың «Баядерка» балетінің көрнекті тұсаукесерлері жоспарланып отыр.

по материалам: astanaopera.kz